Алматы-2 теміржол вокзалына келген пойызда 52 адам газдан уланып қалған. Төтенше жағдайға жедел жәрдемнің 13 бригадасы жіберілген. Тексеріс нәтижесінде 10 бала ауруханаға жатқызылды. Екі жеткіншек әлі жансақтау бөлімінде. Зардап шеккендердің қалғаны дәрігерлердің қатаң бақылауында. Адамдар уланған пойыз жеке тасымалдаушыға тиесілі болып шықты. Вагондар киностудияға түсірілім жасау үшін берілген.