$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Алматы-2» теміржол вокзалында табиғи газдан 52 адам уланды

11.12.2025ж. 17:26
«Алматы-2» теміржол вокзалында табиғи газдан 52 адам уланды
Фото: Уикипедия

Алматы-2 теміржол вокзалында табиғи газдан улану салдарынан 52 адам зардап шекті, деп хабарлайды Astana TV.

Оқиға орнына дереу 13 жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылып, науқастар медициналық мекемелерге жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді.

10 бала ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі жансақтау бөлімінде жатыр.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының мәліметінше, төтенше жағдайға себеп болған вагондар ұлттық тасымалдаушыға тиесілі емес.