Алматыда жаңа туған ұл баланы қомақты қаржыға сатпақшы болған. Ұйымдасқан топ ақша алу кезінде құрыққа түсті. Күдіктілер қыздардың қиын жағдайын пайдаланып, нәрестелерін сатуға көндірген. 20-дан астам қылмыстық іс әшекереленіп, тергеліп жатыр. Қаскөйлерге мүлкін тәркілеумен қатар 18 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
ҚУАНДЫҚ АЛПЫС, ҚР ІІМ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
Ішкі істер министрлігі әлеуметтік осал топтарды соның ішінде кәмелетке толмағандарды да қамтыған қылмыстық схемаларды анықтады. «Стоп» трафик жедел профилактикалық іс-шарасы аясында адам саудасымен байланысты бірқатар ауыр қылмыстың жолы кесілді. Барлығы 39 факт тіркелді. Оның алтауы кәмелетке толмағандарға қатысты.