$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағанды облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысып, 5 адам ауруханаға түсті

12.12.2025ж. 19:00
Қарағанды облысында жеңіл көлік пойызбен соқтығысып, 5 адам ауруханаға түсті

Қарағанды облысында теміржол өткелінде пойыз бен жеңіл көлік соғылды. Көлік жүргізушісі пойыз жолын кесіп өтпек болған.  Жүк пойызының машинисі жедел тоқтауға тырысқанымен көлікті соғып барып тоқтаған. Салдарынан жүргізуші мен көліктегі 4 жолаушы зардап шекті. Оның біреуі – бала.    

БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

«Қарағанды-Сұрыптау – Құлайғыр» теміржол учаскесінде Audi автокөлігінің жүк көлігімен соқтығысуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес жұргізуші тыйым салатын сигналдарға қарамастан теміржол өткеліне кіріп кеткен. Қазір полиция тарапынан оқиғаның барлық мән- жайын анықтауға бағытталған жан- жақты тергеу жүргізілуде.