$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Трамп қайтадан Украинаға қысым көрсетіп отыр

Трамп қайтадан Украинаға қысым көрсетіп отыр

Кариб теңізінің қарақшылары. Венесуэла Президенті Николас Мадуро АҚШ-ты танымал фильм кейіпкерлеріне теңеді. АҚШ әскері Венесуэла жағалауынан енді шыққан кемені басып алған. Ақ үй оның ішінде заңсыз мұнай тасымалданып жатты деп ресми хабар берді. Ал, Украина Президенті Владимир Зеленский сайлауды сылтауратып елге қысым жасағысы келетіндер көбейді, - дейді. Трамп болса, ФИФА-ның жүлдесін алғаны үшін сынға қалды. Жай сын емес, бүкіләлемдік футбол федерациясының үстінен шағым да түсті. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

«Кариб теңізінің қарақшылары» Джонни Депп бастаған кейіпкерлер емес, Трамп және АҚШ әскері. Венесуэла Президенті Николас Мадуро осылай деді. Себебі, ел жағалауынан енді шыққан мұнай тасымалдаушы кемені АҚШ теңіз күштері басып алды.Естеріңізге сала кетсек, санкция астында қалған Велесуэланың халықаралық мұнай саудасымен айналысу құқығынан әлдеқашан айырылған.

НИКОЛАС МАДУРО, ВЕНЕСУЭЛА ПРЕЗИДЕНТІ:

Олар кеше нағыз қылмысқа барды. Жай қылмыс емес, халықаралық қылмыс. Сауда кемесін баса көктеп, азаматтарымызды еш дәлелсіз тұтқынға алды. «Кариб теңізінің қарақшылары» деген фильмді көрсеңіздер, ол ойдан шығарылған нәрсе дерсіз. Бірақ, қазіргі АҚШ әрекеті одан асып түсетін зорлық. АҚШ-тың арсыз әрекеттерін тоқтату керек.

Бірақ, ресми Вашингтон Венесуэланың мұнай сатуға еш құқығы жоқ екенін алға тартуда. Ал, тәркіленген шикізатты тәркілеп, америкалық портқа жеткізілетінін хабарлады.

КЭРОЛАЙН ЛИВИТТ, АҚ ҮЙ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Бұл мұнайды Венесуэла «Қара нарықта» сатпақшы болған. Оны білген біздің Әділет министрігіміз соттан рұқсат сұрап алды. Қазір, бірнеше ведомствоның тергеушілері кемеде жұмыс істеп жатыр. Біз санкцияға түскен, әғни, заңсыз кемелердің заңсыз жұмыспен айналысуына көз жұма қарай алмаймыз.

АҚШ Украинаға сайлау өткізілсін деп қысым көрсетіп жатыр. Бұл туралы мемлекет басшысы Владимир Зеленский ашық айтты. Украина басшысының айтуынша, соғыс аяқтала сала елде демократиялық сайлау өтеді.

ВЛАДИМИР ЗЕЛЕНСКИЙ, УКРАИНА ПРЕЗИДЕНТІ:

Маған барлық қызметінің басшысы есеп берді. Кейбір елдер Украинада сайлау өткізілсін деген бастама көтеріп жатыр екен. Ең сорақысы, басты одақтасымыз деп жүрген ел осының басында тұр. Менің оларға айтарым: «Сайлау өтсін десеңдер, соғыстың әділ аяқталуына көмектесіңдер!».

Бейбітшілікке қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығын алмаса да, ФИФА премиясын алған Трамп, басы дауға қалды. Осыған дейін бұл марапат жайлы сұрақтардан жалтарып келген Инфантино келер жылы өтетін футболдан әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде АҚШ Президентіне ақыры сыйлықты берген еді. Енді, спортшылардың коммерциялық емес ұйымы ФИФА-ның этикалық комитетіне Инфантиноның үстінен арыз жазды.