$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мәжіліс депутаттары агросекторды жаңғырту жолдарын талқылады

Мәжіліс депутаттары агросекторды жаңғырту жолдарын талқылады

Қосшы қаласында Ақмола облысының ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты көшпелі отырыс өтті. Онда өндіріс процесін цифрландыру, су ресурстарын үнемді пайдалану, жаңа технологияларды енгізу және мемлекет ұсынатын жеңілдіктерге қол жеткізу мәселелері талқыланды. Отырысқа жүзден астам аграрлық құрылым басшысы қатысқан. Олар өңірдегі бірқатар ірі агроөнеркәсіп жұмысымен танысып, олардың озық технологияларды қолдану тәжірибесін көрді. Жиын қорытындысы бойынша ұсыныстар жинақталып, Үкіметке жолданбақ. 

СЕРІК ЕГІЗБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, АГРАРЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біздің комитетте әртүрлі ауылшаруашылығына байланысты бағыттар қаралады. Бүгінгі біздің көшпелі отырысымыз арнаулы тігінен интеграцияланған ауылшаруашылық кәсіпорындарының тәжірибесін қарау. Оның алдында президенттің тапсырмалары болды. Осындай кәсіпорындардың тәжірибесін зерттеп және де оны насихаттап, елге тарату.