Атырауда облыстық перинаталдық орталық қызметкерлері тастанды сәбиді қазақтың дәстүрімен қырқынан шығарды. Бар-жоғы бір келі болып дүниеге келген шақалақтан ата-анасы бас тартқан. Бөлімше қызметкерлерінің әрқайсысы тілек айтып, тиын салынған 40 қасық суға шомылдырды.
Шашын, тырнағын алды. Жаңа киім кигізді. Тіпті бесікке салу рәсімінде дайындалатын тыштырманы сәбиге арнап арнайы пісіріп, тәттілермен қосып таратты. Өмірге келе сала тастанды атанған балапанды құшақтарына қысып, мейіріміне бөледі. “Бала үшін 40 күн осы өмірге толық бейімделіп, қуаттанатын ерекше кезең. Бөлімшенің бір бөлігіне айналып үлгерген кішкене адамның алғашқы мерекесін елеусіз қалдыра алмадық,- дейді ақ халаттылар. Олар қажетті заттарды өздері жиналып сатып алған. Әу баста шала туған нәрестенің жағдайы ауыр болған. Өз бетімен демала алмай, жүрегі әлсіз соққан. Ақ халаттылар жүргізген реанимациялық шаралардың арқасында беті беру қарап, салмағы бір келі 500 грамнан асыпты.
ГҮЛМИРА ӘБІКЕЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:
Асханадан пісіріліп, дайындалып, осы балаға арналды. Киімдерін осы бөлімшенің мейірбикелері жаялықтарын, керек-жарақ киімдерін, үйлерінен өздері сатып алып келді. Әркім өзінің қолынан келгенше үлесін қосты. Кювездің ішінде суына түсіріп, былай балаларды қайнатылған суға түсірсе, біздің балаларды стирилді суға түсіреміз. Сондай ерекшелігі бар.