$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Мейірімді қақпақтар» шарасы жалғасуда

12.12.2025ж. 19:00
Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы «Мейірімді қақпақтар» шарасы жалғасуда

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында ашылған экохаб керексіз қалдықтарды қабылдауды жалғастыруда. Экохаб – табиғатты ластамас үшін пластикалық контейнерлерді, сусабын және шыны бөтелкелерді тапсыратын орын. Қазір осы жоба аясында «Мейірімді қақпақтар» акциясы жүріп жатыр. Айта кетсек, 2024 жылы мұнда 1 миллион 250 мың қақпақ жиналған. Қоқыстар қайта өңделіп, мамандар олардан үстел, шахмат, скамейка сынды заттар жасап шығарады. Мектеп оқушылары қаланың таза болғанын мақсат етіп, қағаз, пластикалық бөтелкелер секілді қажетсіз өнімдерді осында әкеп тапсырады. Одан түскен қаржыны қайырымдылық қорына аударуға да болады. 

ЛИНА КАРИМОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЭКОХАБТЫҢ ЖАСТАР ЖӘНЕ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫМЕН ЖҰМЫС ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕР:

Бүкіл мектептің оқушылары қақпақтар жинайды, әрбір мектептен өз комьнюти центрге жақын жерге апарады. Сосын олардың салмағын анықтайды, бүкіл комьнюти центрден бізге жібереді. Біз әрбір мектепті жазамыз қанша килограмм әкелді. Осы қақпақтар негізі свалкаға баратын еді. Бірақ олар бізге келеді и біз олардан пайдалы заттар жасаймыз.