Зейнеткер балық аулауға шығып, сол бойы оралмағаны туралы хабар тарады. Қорыққан қызы ауылдың учаскелік полицейіне хабарласып, көмек сұраған.
Арман Райымбеков Николайды бұрын да жоғалып кеткен кездерінен танитын. Қақаған аяз бен үскірік жел іздеуді қиындатса да, полицей дереу әрекет етіп, жедел жәрдемді шақырып, ауыл тұрғындарымен бірге іздеу жұмыстарын ұйымдастырған.
Іздеу жұмыстары 3,5 сағатқа созылып, нәтижесінде Николай Хаврев аман-есен табылды.