Концерт, спорттық турнирлермен қатар, танымдық басқосулар жоспарланған.
Қалалық кітапханаларда «Қаламгер ұстаханасы» атты дәрістер, «Тәуелсіздік – тұғырым, Егемендік – елдігім» иллюстрациялық көрмесі, мектеп және колледждерде «Қазақстанның асқақ рәміздері» атты кездеcулер ұйымдастырылады.
13–14 желтоқсанда әуесқойлар арасында теннис турнирі, сондай-ақ ұлттық ойын – тоғызқұмалақтан жарыс басталады.
Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрында «Сәйгүлік» қойылымы сахналанады.
«Тәуелсіздік – ұлт рухының бастауы» кітап көрмесі, этно-заманауи стильдегі концерт қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етіледі.