БҚО-да есірткі сататын интернет-дүкеннің ұйымдастырушысы ұсталды, – деп хабарлайды Astana.tv.
"Дәрмек" және "Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шаралары барысында БҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі құралдарын таратуға арналған интернет-дүкенді ұйымдастырды деген күдікпен ер адамды ұстады. 28 жастағы шетел азаматы жалға алынған коттеджде қолға түсті.