Норвегияның Хамар қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының кезекті кезеңінде қазақстандық спортшы Надежда Морозова әйелдер арасындағы 1 500 метрге жүгіруді 1 минут 54,98 секундта бағындырды.
Алтын жүлде жапониялық Мико Такагиге бұйырды. Ол біздің отандасымыздан 0,03 секунд бұрын келді. Ал, норвегиялық конькиші Рагне Виклунд 1 минут 55,18 секунд көрсеткішпен үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстан атынан сынға түскен Елизавета Голубева 8-орын алды - 1:56.84.