Астана қаласында «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының Республикалық «Рухтастар» сыйлығытабысталды. Биыл бесінші рет ұйымдастырылған іргелі іс-шарада қоғамдық бастамаларға айрықша үлес қосқан еліміздің ең белсенді жас азаматтары марапатталды.
Салтанатты рәсімге Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері және белсенді жас көшбасшылар қатысты. Айта кетейік, биыл байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жастардан 500-ден астам өтінім келіп түсті. Жалпы осы жылдар аралығында 100-ге жуық жас азамат «Рухтастар» сыйлығының иегері атанды. Әр марапат – еңбекпен келген жетістіктің жәнетынымсыз ізденістің нағыз үлгісі.
Өз кезегінде «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек жастардың ел дамуындағы рөліне тоқталып, бұл марапаттың қоғамдық маңызын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс және бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Білімді жастар – бұл елдің басты капиталы әрі оң өзгерістердің негізгі қозғаушы күші. Бүгінгі жас буынның қоғамға пайдалы болуға, жаңалық ашуға, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылысы артып отырғаны байқалады. Біз осындай жігерлі, ынталы жастарды құрметтейміз. «Рухтастар» сыйлығы баршамызды ортақ мақсат жолында бірігіп, Әділетті Қазақстанды құруға қарай нық қадам басуға шабыттандырады», – деді ол.
Ал«Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова бұл сыйлық – еліміздегі ең белсенді, табанды және рухты жастардың еңбегібағаланатын маңызды марапат екенін мәлімдеді.
«Бүгін біз еліміздегі 17 өңір мен 3 қаладағы ең белсенді жастарды бір алаңға жинадық. Олар жыл бойы өңірлерде атқарылған көптеген әлеуметтік, мәдени, экологиялық және волонтерлік жобаларға жан-жақты үлес қосып, жастар саясатының дамуына елеулі еңбек сіңірді. Бұл марапат – олардың еңбегіне деген құрметіміздің белгісі ғана емес, алдағы жұмыстарына көрсетілген үлкен сенім», – деді ол.
Оның айтуынша, үздіктерді іріктеу барысы бірнеше кезеңнен тұрды. 25 қарашадан 3 желтоқсанға дейін өтінімдер «Жастар Рухының» ресми сайтында қабылданып, кейін республикалық конкурс комиссиясының қарауына жіберілген.
«Қайсар» жыл батыры номинациясыменҚазақстан-Американдық еркін университетінің студенті Ерасыл Омарханов (Шығыс Қазақстан облысы) марапатталды. Ол Үлбі өзеніне батып бара жатқан жас баланы құтқарып, ерен ерлік танытты.
«Нұрлы ақыл» үздік жас ғалым номинациясына PhD доктор, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтыОрганикалық егіншілік зертханасының аға ғылыми қызметкері Алтынай Жакатаева (Алматы облысы) лайық деп танылды. Ол 30-дан астам ғылыми еңбектің авторы. Агрошаруашылықтарға дақылдарды аурулардан және зиянкестерден қорғау, органикалық технологияларға көшу, тиімді агротехникалық әдістерді енгізу бойынша әдістемелік қолдау көрсетіп келеді.
«Ыстық қайрат» еңбек адамыноминациясымен «Қазақстан алюминийі» АҚ филиалы электр стансасының капиталды жобалар бөлімінде құрылыс-монтаж және іске қосу-реттеу жұмыстары бойынша сарапшы Жангелді Жанат(Павлодар облысы) марапатталды. Ол электр стансасының инфрақұрылымын жаңғыртуға, жылу-энергетикалық тиімділікті арттыруға, сондай-ақ бірқатар күрделі құрылыс бағытындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға белсене атсалысты.
Сондай-ақ осы номинацияны Шығыс Жезқазған кенішіндегі №57 шахта жарушысы,өндіріс саласындағы жастардың белсенді өкілі, волонтер, спортшы Асылхан Тұрғамбеков(Ұлытау облысы) иеленді.
«Жылы жүрек» жыл еріктісі номинациясынажүздеген әлеуметтік жобаларға қатысып, қоғамға нақты үлес қосқан Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық Зерттеу университетінің студенті Зият Садвакасов (Қарағанды облысы)және әлеумет, білім беру, мәдениет, экология салаларындағы волонтер, С.Торайғыров атындағы университет студенті Разия Қалиасқар (Павлодар облысынан) лайық деп танылды.
«Жылдың әлеуметтік жобасы»номинациясында «Altay-pro» туристік фирмасының негізін қалаушысы Екатерина Орлова (Шығыс Қазақстан облысынан) жеңімпаз атанды. Оның жобасы экотуризмді дамытуға және табиғатты қорғауға бағытталған басқа да шараларды қамтиды.
Сонымен қатар «Белсенді рухтас» жыл белсендісі номинациясы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен келген 20 азамат марапатталды. Бұдан бөлек «Жастар Рухы» қолдаушысыноминациясын талантты жастардың бастамаларына қолдау көрсетіп жүрген спортшы, аралас жекпе-жек (ММА) шебері Арман Оспанов, Алматы облыстық мәслихат депутаты, филиал жанындағы Жастарды қолдау кеңесінің төрағасы, «Чемпиондық Рух» жобасының амбасадоры Нұрсұлтан Орынбасаров, «Жайдарман» ойындарын ұйымдастырушысы Жанасыл Болатбек, Павлодар облыстық мәслихат депутаты, Жастарды қолдау кеңесінің төрағасыАйдар Курумбаев, Павлодар қалалық мәслихат депутаты, «Крендель» ЖШС директоры Мадина Музапарова алды. «Жастар Рухы» жастар қанатының ең үздік бөлімшелері – Ақмолаоблысы Бурабай ауданы және Жамбыл облысы Тараз қаласы.
«Біздің бөлімшенің ең үздік деп танылуы –әріптестеріміздің ортақ жеңісі. Бұл марапат бізді одан әрі жауапкершілікпен жұмыс істеуге ынталандырады. Биыл біз әлеуметтік, экологиялық және білім беру бағыттарында бірнеше жобаны жүзеге асырдық. Алдағы уақытта да өңіріміздегі жастар саясатын дамытуға үлес қоса береміз», – деді «Жастар Рухы» жастар қанатының Ақмола облысы Бурабай аудандық бөлімшесінің өкілі Әлішер Баймұқанов.
Ал «Үздік филиал» номинациясын «Жастар Рухы» жастар қанатының Қызылорда облыстық және Шымкент қалалық филиалдары иеленді.