$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қосшыда ақылды камералары бар Жедел басқару орталығы іске қосылды

14.12.2025ж. 12:13
Қосшыда ақылды камералары бар Жедел басқару орталығы іске қосылды
Фото: Polisia.kz

Қосшы қаласында Заң мен Тәртіп қағидатын нығайтуға, сондай-ақ қоғамдық және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылуда.

Қалада 1000 жаңа бейнебақылау камерасы іске қосылып, бұған дейін орнатылған тағы 500-ге жуық камера жасанды интеллект элементтері бар бірыңғай зияткерлік платформаға біріктірілді.

Барлық бейнеағындар тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейтін жаңа Жедел басқару орталығына шоғырландырылады. Орталық қоғамдық ахуалды тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді.

Оның жұмысымен Ішкі істер министрі Ержан Саденов және Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов танысты.