Израиль армиясы Сирияның Кунейтра провинциясындағы Сайда әл-Ханут ауылына кіріп, бақылау-өткізу бекеттерін орнатты.
Сирияның мемлекеттік "Әл-Ихбария" телеарнасының мәлімдеуінше, алты әскери техникамен келген израильдік оккупациялық күштер Кунейтра провинциясының оңтүстігіндегі Сайда әл-Ханут ауылына басып кіріп, төрт үйге тінту жүргізген, сондай-ақ ауылдың ішінде және маңайында төрт бақылау-өткізу бекетін қойған.
Дамаск билігінің мәлімдеуінше, Израильдің Кунейтра мен Дераа ауылдық аймақтарындағы рейдтері және бейбіт тұрғындарға қарсы әрекеттері 1974 жылы жасалған "Күштерді ажырату туралы келісімді" өрескел бұзады.
Бұған дейін президент Ахмед аш-Шараның жасаған мәлімдемесіне сәйкес, 2024 жылғы 8 желтоқсаннан 2025 жылғы 18 шілдеге дейін Израиль армиясы Сирияның әртүрлі аймақтарында мыңнан астам әуе соққысын жасап, шамамен 400 жерүсті рейдін өткізген.