$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау облысында мектеп оқушылары онлайн оқиды

14.12.2025ж. 23:35
Атырау облысында мектеп оқушылары онлайн оқиды
Фото: istockphoto

Атырау облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты мектеп оқушылары онлайн форматта оқытуға көшірілді.

Бұл шешім Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өткен жедел штабтың кезекті отырысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.

– Басты міндет – адам өмірі мен денсаулығын сақтау. Қазгидромет мәліметінше, желдің екпіні ертең де бәсеңдемейді. Қауіпсіздік мақсатында Атырау облысының барлық ауданында мектеп оқушыларын онлайн сабақ форматына көшіру керек, - деді облыс әкімі.

Еске сала кетейік, 14 желтоқсанға қараған түні Атырау облысында циклон жүріп, ауа райы күрт нашарлады. Барлық қызмет күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.