$541.34 €640.73 ₽6.53
×

15 облыста көктайғақ болады

15 облыста көктайғақ болады
Фото: istockphoto

Түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жезқазғанда қар жауып, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20, күндіз кей уақытта 23-28 м/с жетеді.

Түнде Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, күннің бірінші жартысында облыстың таулы аудандарында қар күтіледі. Түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, кей уақытта екпіні 23-28 м/с жетеді. Шымкентте түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Түркістанда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Қостанайда 15 желтоқсанда қар, бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с жетеді.

Түнде Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с жетеді. Ақтауда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Түнде Ақтөбе облысында бұрқасын, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20, облыстың орталығында кей уақытта 23-28 м/с жетеді. Ақтөбеде 15 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с жетуі мүмкін. Оралда қар, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с.

Күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында қар, кей уақытта қатты қар, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, орталығында, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с жетеді. Талдықорғанда таңертең және күндіз тұман басады.

Жамбыл облысында кей уақытта тұман түседі. Таразда кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Алматыда кей уақытта тұман басуы ықтимал. Таңертең және күндіз көктайғақ болады. Қонаевта кей уақытта тұман күтіледі. Таңертең және күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытқа ауысады, кей уақытта екпіні 15-20 м/с.

Павлодарда қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді. Өскеменде күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады екпіні 15-20 м/с жетеді.

Түнде Абай облысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, ораталығында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Семейде таңертең және күндіз жауын-шашын (көбінесе қар), бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с шамасында болады.

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, ал күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел күтіледі. Атырауда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 15-20, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында аздаған жауын-шашын (көбіне қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде 23 м/с жетеді. Қызылордада жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20 м/с шамасында болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының көктайғақ күтіледі. Петропавлда қар, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Астанада көктайғақ болуы мүмкін.