Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында елордалық полицейлер 35 жастағы қала тұрғынының есірткі заттарын заңсыз сақтағанын анықтады. Аталған азамат сатушы болып жұмыс істеген және сырт көзге күдік тудырмайтын қарапайым өмір салтын ұстанған. Алайда оның пәтерінде жүргізілген тінту кезінде балконнан каннабис шайыры ретінде танылған зат салынған полиэтилен пакет табылып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша ер адамға қатысты есірткі заттарын заңсыз сақтау фактісімен қылмыстық іс қозғалды. Полиция есірткі заттарын сақтау, дайындау және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Құқық қорғау органдары азаматтарды күмәнді деректер туралы "102" нөміріне дереу хабарлауға шақырады.