Төрт жеңімпазға Дубайға жолдама берілді
Астанада ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында өткен «Жұлдыз болғым келеді» республикалық вокалдық байқауы өз мәресіне жетті.
Бас жүлдеге арнайы дайындалған «Дубайға жолдаманы» Түркістан облысынан келген жас талант Ерасыл Өскенбаев, Ұлытау облысынан Руслан Шолленбергер және Қостанай облысынан Никита Дерксон мен Криулько Злата жеңіп алды.
Бірінші орын Шығыс Қазақстан облысының тумасы Дружинская Наталья, Қызылорда облысынан келген Ахмадуллина Алеся және Абай облысынан Першина Анастасия мен Черепанова Евгенияға бұйырды. Барлық жәңімпаздар мен жүлдегерлерге ноутбуктер, смартфондар мен басқа да бағалы сыйлықтар берілді.
Жоба жетекшісі, Павлодар облысындағыбалаларүйініңтүлегі, блогер Алексей Лодочников бұл жобаның ерекшелігін түсіндірді: «Бүгінгі байқау респулика бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында өткен байқау. Байқау биыл бірінші рет өткізіліп жатыр. Бұл бастаманы Оқу-ағарту министрілгі, Балалардыңқұқықтарынқорғаукомитеті, El Umiti корпоративтік қорының және басқа да серіктестердің қолдауымен жүзеге асырып отырмыз. Мен әрбір келген баланың тек байқауға қатысуын ғана емес, сондай-ақ, елордаға бірінші рет келген балларға оның әсем жерлерін көрсетіп, уақыттарын пайдалы өткізгендерін мақсат еттім», - деді ол.
2025 жылдың 20 қыркүйегіндебасталғанжобаҚазақстанныңбарлықөңірлерінен 170 баланықамтыды. Соның ішінен еліміздің түкпір-түкпірінен 40 дарынды бала іріктелді.
«Көптеген қатысушы үшін бұл – үлкен сахнадағы алғашқы қадам, елордаға алғашқы сапар, арманына жету жолындағы маңызды белес. Біз жас таланттардың қабілетін ашуға, олардың жұлдызын жарқыратып, адамдарға қуаныш сыйлауға бағытталған бастамаларды әрқашан қуана-қуана қолдауға дайынбыз», - деп атап өтті ҚР Оқу ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Ақтық сынға өткен балалар үш күн бойы (10-12 желтоқсан) инфлюенсерлерменкездесті, шешендікөнербойыншашеберліксбақтарынанөттіжәнеАстананыңмәдениорындарынасаяхатжасады.
«El Umitiкорпоративтік қоры 8-18 жас аралығындағы балалар мен үстаздарға арналған әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. «Жұлдыз болғым келеді» жолбасына қолдау көрсетіп, жас таланттардың бағын ашуға үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз. Біріншіден, байқау әлеуметтік осал топтағы балалардың шығармашылық дамуына және өзін-зі танытуына тең мүмкіндіктер беруді мақсат етті. Ол өз кезегінде біздің корпоративтік қорымыздың миссиясымен сәйкес келеді», - деді El Umiti корпоративтік қорының басшысы Гүлім Джусупова.
Жоба ҚР Оқу-ағартуминистрлігі, ҚР Оқу-ағартуминистрлігініңБалалардыңқұқықтарынқорғаукомитеті, «El Umiti» корпоративтік қорыжәнебасқа да серіктестердің қолдауыменжүзегеасты.
Вокалистердің өнерін ҚР ЕңбексіңіргенәртісіАйжанНұрмағамбетова, «Дарын» лауреаты ӘлібекӘлмадиев, ҚР ЕңбексіңіргенмәдениетқайраткеріГүлнұрОразымбетова бастаған қазылар алқасыбағалады.
Айта кетсек, байқаудың өңірлік кезеңдері 20 қыркүйек пен 19 қараша аралығында офлайн және онлайн форматында өткен.