Тәуелсіздің күніне орай бір реттік көмек көрсетіледі. Әр өңірдің әкімдігі жергілікті бюджет есебінен 1986 жылғы желтоқсан қатысушыларына материалдық көмек бермек. Қаражат расталған құжаты бар азаматтарға төленеді. Жетісу мен Қостанай облыстарында – 200 мың теңге, ал Астана, Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау қалалары мен Ақмола облысында – 220 мың теңге берілсе, Алматы қаласында - 250 мың, Қарағанды облысы – 400 мың теңге көлемінде бір реттік төлем жасамақ.