$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейді

Әрбір бесінші қазақстандық бизнес саласында жұмыс істейді

Шағын және орта бизнес ел экономикасының басты қозғаушы күшіне айналды. Үкімет қабылдаған жүйелі шаралардың нәтижесінде бизнес экономиканың жартысын қамтамасыз етіп отыр. Ал орта бизнес бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен.

Қазақстанда бизнеске бет бұрған адам көбейді. Бүгінде елдегі әрбір бесінші азамат кәсіпкерлік саласында жұмыс істейді. Ал шағын және орта бизнес экономиканың 40 пайызына жуық табысын қамтамасыз етіп отыр. Президент тапсырмасына сәйкес, Үкімет кәсіпкерлікті қолдауды экономикалық саясаттың басым бағытына айналдырды.

Бүгінде еліміздегі кәсіпкерлік субъектілерінің барлығы дерлік микро және шағын бизнес. Олар экономиканың «тірі тінін» қалыптастырып, 4 жарым миллионнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Бұл – елдегі еңбекке қабілетті халықтың тең жартысына жуығы. Бір жыл ішінде бұл салада ондаған мың жаңа жұмыс орны ашылған.

КАРИНА КҮЗБАЕВА, ЭЗИ БӘСЕКЕЛЕС ОРТАНЫ ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ САРАПШЫСЫ:

Орта бизнесті күшейту және ірілендіру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп кәсіпорындарды дамытудың нақты жоспарын әзірлеуде, ол өндіріс көлемін 2-3 есеге арттыруға бағытталған.

Қазір Қазақстанда бизнес бастау бұрынғыдай қиын емес. Мемлекет кәсіпкерлерге қаржы беріп қана қоймай, өсіп, кеңеюіне де жағдай жасап отыр. Енді кәсіпкерлерге арналған барлық мемлекеттік қолдау бір жерге жиналды. Арнайы платформа арқылы бәрі қолжетімді.

ДИНАРА ТАЖЕНОВА, ҚР ҰЭМ КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгінгі таңда бірінші кепілдік қоры шеңберінде 410 млрд теңге сомасына 2320 жобаға қолдау көрсетілді. Сондай ақ екінші кепілдік қоры шеңберінде  7,1 млрд теңге кредит сомасында біршама халық қолдау тапты.

Бизнестің өсуіне ең үлкен кедергі - қаржы. Бұл мәселені шешу үшін де мемлекет «Өрлеу» атты жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасын іске қосты. Сол арқылы кәсіпкерлер ұзақ мерзімге, тиімді шартпен несие алып отыр. Ал былтырдан бастап елде бизнесті жүргізуге тең жағдай қалыптастыруға бағытталған жаңа саясат іске қосылды. Міндетті талаптар толық цифрландырылып, бір жүйеге келтірілді. Бұл кәсіпкерлерге артық бюрократиясыз, ашық әрі әділ ортада жұмыс істеуге мүмкіндік беріп отыр.