Қазақстанда уақыт белдеуін өзгерту электр энергиясын тұтынуды арттырмаған. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Оның айтуынша, уақыт ауыстырылғаннан кейін ең көп әсер сезілуі тиіс өңірлерде электр қуатын пайдалану айтарлықтай өспеген. Яғни, жылдық электр энергиясын тұтыну көлемі бұрынғыдай 3-4 пайыз өсім деңгейінде қалған.
СҰҢҒАТ ЕСІМХАНОВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
Уақытты ауыстыру энергетикамен тікелей байланысты емес. Шығыс Қазақстан облысында электр энергиясын тұтыну бар болғаны 1 пайызға өсті, Қызылорда облысында - 6 пайыз. Ал уақыт өзгермеген Атырау облысында өсім 13 пайызға жетті. Сондықтан бұл шешім тұтынудың артуына айтарлықтай әсер еткен жоқ.