$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда мерзімді әскери қызметтегі алғашқы «SARBAZ+» жобасы іске қосылды

Алматыда мерзімді әскери қызметтегі алғашқы «SARBAZ+» жобасы іске қосылды

Қазақстан Қарулы күштерінде мерзімді әскери қызметтің жаңа форматы енгізілді. «SARBAZ+» жобасы сарбаздың бір жылдық қызметін жеке даму мен заманауи дағдыларды игеру кезеңіне айналдыруға бағытталған. Жоба Алматы облысындағы әскери бөлімінде пилоттық режимде іске қосылды. Мұнда цифрлық технологиялар, қауіпсіздік жүйелері және спорт инфрақұрылымы жаңартылған. Жоба алдағы уақытта еліміздің өзге де әскери бөлімдерінде кеңінен енгізілмек.

Жоба аясында цифрлық білімге ерекше басымдық берілген. Әскери бөлімде дрондарды басқару, радиобайланыс және желілік технологиялар бойынша оқу сыныптары ашылды. Бұл сарбаздардың болашақ кәсіби дамуына негіз болады.

ІЛИЯС НҮСІПОВ, РОТА КОМАНДИРІ:

Сарбаздардың жататын орны. Өздеріңіз көріп тұрғандай ағаш төсекте ортопедический матраста жатады. Сарбаздарымыздың нарядтан келген кезінде демалатын орны бар. Комната психологический разгрузка дейді. Одан қалса кинорумымыз бар. Сарбаздарымыз жақсы жайлы өмір сүріп жатыр деп ойлаймын енді.

«SARBAZ+» жобасы сарбаз өмірінің барлық бағытын қамтиды. Әскери бөлімде тұрмыстық жағдайдан бастап, психологиялық жай-күйге дейінгі талаптар жаңартылған. Мұның бәрі қызметтің қауіпсіз әрі тиімді өтуіне бағытталған.

ДАРХАН АХМЕДИЕВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Негізгі мақсат біздің солдаттарға яғни сарбаздарға осы бір жылдық мерзімді максималды эффективті түрде өткізу. Өздеріңіз жаңа көргендей дрон аренасы бар, байланыс кабинеті бар, одан бөлек фитнес браслеттер қосып жатырмыз. Спортпен шұғылданады. Аптасына 3 рет джиу джитсу бар. Одан бөлек, электрондық тир. Одан бөлек, мына жерде көріп тұрғандарыңыздай жаңа футбольная поля. Стрит бол, уорк аут площадка. Яғни, біз сарбаздарға осы жылды мүмкіндігінше тиімді өткізу.

«SARBAZ+» — бұл әскери қызметке деген жаңа көзқарас. Мұнда тәртіп пен технология, білім мен қауіпсіздік бір арнаға тоғысқан. Жоба армия беделін арттырып, жас буынның қызметке деген сенімін күшейтуге негіз болмақ.