Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Тбилиси бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағытын іске қосты. Рейстер аптасына 2 рет – дүйсенбі және жұма күндері – «Boeing 737 MAX 8» және «Boeing 737-800» типті әуе кемелерімен орындалады.
Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.