Қарағанды облысының Нұра ауданы Егінді ауылынан 15 км қашықтықта 4 адам мінген жеңіл көлік қарда тұрып қалды.
Құтқарушылар шақыртуға жедел әрекет етіп, ішінде төрт адам болған автокөлікті тазартылған жол бөлігіне сүйреп шығарды. Эвакуацияланған азаматтар ТЖМ қызметкерлеріне #алғыстарын білдірді.
Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ ауа райы нашарлаған кезеңде ұзақ жолға шықпауға және құтқарушылардың нұсқауларын сақтауға шақырады.