Ұлттық банк «Қазақстанның әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындары» сериясы аясында «Qazaq kúresi» монеталарын айналымға шығарды. Жаңа тиындар қазақ халқының дәстүрлі спортына арналған.
Коллекцияға үш түрлі монета кіреді. 1000 теңгелік күміс монета, сондай-ақ 200 теңгелік мельхиор және нейзильбер монеталар. Жалпы таралымы - 57 мың дана.
Металл ақша еліміздің барлық аумағында заңды төлем құралы ретінде қабылданады. Сатылым 17 желтоқсаннан бастап Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы жүзеге асады.