$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды

16.12.2025ж. 13:17
Қар құрсауында қалған 6 адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

Ақмола облысының Жарқайың ауданында қар құрсауында қалған 6 азаматқа құтқарушылардың көмегі қажет болды.

 Жеңіл автокөлік жолаушыларымен бірге Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласы бағытында келе жатып, жолдан шығып кеткен. Нәтижесінде азаматтар адасып, әрі қарай қозғалысты жалғастыра алмады.

 Оқиға орнына келген құтқарушылар адамдарды эвакуациялап, оларды жылыту пунктіне орналастырды.

ТЖМ қысқы кезеңде жолға шыққанда қауіпсіздік шараларын сақтауға және жолдардағы қолайсыз ауа - райы жағдайларын ескеруге шақырады.