$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Асу Алмабаев UFC-дің үздік бестігіне енуі мүмкін

16.12.2025ж. 16:20
Асу Алмабаев UFC-дің үздік бестігіне енуі мүмкін

MMACrossfire.com сайты қазақстандық UFC-дің ең жеңіл салмақтағы өкілі Асу Алмабаев келесі жекпе-жегінде жеңіске жетсе, дивизион рейтингінің үздік бестігіне енуі мүмкін екенін атап өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Асу Алмабаев 2025 жылғы 28 ақпанда Мехико қаласында (Мексика) UFC-дің бұрынғы чемпионы Брэндон Мореномен кездеседі. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 1 наурыз күні таңертең өтеді.