$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елімізде 30 университет ЖИ бойынша студенттерді оқытып жатыр

16.12.2025ж. 19:30
Елімізде 30 университет ЖИ бойынша студенттерді оқытып жатыр
Фото: pixabay

Қазақстанда 30 университет жасанды интеллект бойынша студенттерді оқытуда. Жастар 38 білім беру бағдарламасы бойынша ақылды техника меңгеруде. Қазірдің өзінде 570 мыңға жуық студент AI бағдарламасы бойынша оқып, білімдерін жетілдірді.

Жалпы биылғы оқу жылында 93 мыңнан аса білім гранты бөлінді. Оның 77 мыңы бакалавриатқа, 13 мыңнан астамы магистратураға, ал докторантураға 3 мыңға жуық грант үлестірілді.