$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауа райына байланысты бес бағыт бойынша пойызға қосымша орындар ашылды

16.12.2025ж. 20:00
Ауа райына байланысты бес бағыт бойынша пойызға қосымша орындар ашылды
Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі

Қолайсыз ауа райы жағдайларына және бірқатар автомобиль жолдарының уақытша жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы қосымша көлік қызметін ұйымдастыру жөнінде жедел шаралар қабылдады.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің ақпаратынша, 16 желтоқсанда төмендегі пойыздар арқылы жолаушыларды отырғызу көзделген:

- №7502 «Астана – Павлодар» (Ерейментау станциясынан отырғызу);

-№139 «Павлодар – Пресногорьковская» (Ерейментау станциясынан отырғызу);

-№6830 «Көкшетау – Астана» (Көкшетау және Бурабай курорты станцияларынан отырғызу);

-№7508 «Көкшетау – Астана Нұрлы жол» (Көкшетау және Бурабай курорты станцияларынан отырғызу);

- №045Ц «Павлодар – Түркістан» (Екібастұз және Шідерті станцияларынан отырғызу).