Биыл 10 мыңнан аса маман медициналық жоғары оқу орындарын бітірді. Оның мың жарымға жуығы ауылға барып, жұмыс істеп жатыр.
Былтыр қазан айынан бері 254 дәрігерге 8,5 миллион теңге біржолғы ақшалай жәрдемақы төленді. Төлем ауылдық Денсаулық сақтау саласында жұмыс істейтін 16 өткір тапшылық мамандықтарына берілді.
Осы шаралардың нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда дәрігерлер тапшылығы 20 пайызға, орта буын медицина қызметкерлерінің тапшылығы 7 пайызға азайған.