$541.34 €640.73 ₽6.53
×

20 адам эвакуацияланды

16.12.2025ж. 21:36
20 адам эвакуацияланды
Фото: pixabay

Бүгін Қостанай қаласында 112 пультіне Қобыланды батыр даңғылында орналасқан көпқабатты тұрғын үйде қатты түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жеткен кезде бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатында жиһаз бен тұрмыстық заттар жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілер жоғарғы қабаттардан баспалдақ алаңы арқылы 20 адамды эвакуациялады.

Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.