$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Олжас Бектенов сиыр етіне қатысты тапсырма берді

17.12.2025ж. 11:40
Олжас Бектенов сиыр етіне қатысты тапсырма берді
Фото: pixabay

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында инфляцияны ауыздықтауға қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды Astana TV.

- Соңғы екі айда инфляция деңгейі 12,4%-ға дейін төмендеді. Алайда кейбір өңірлерде, атап айтқанда Ұлытау, Ақмола және Атырау облыстарында керісінше, өскені байқалады. Басты себеп – азық-түлік бағасының қымбаттауы, - деді ол.

Премьер-министр облыс әкімдерінің қолында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қажетті құралдың бәрі бар екенін атап өтті.

- Сауда министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін уақытша кеңейту жұмысын жеделдетуді тапсырамын. Бұл қосымша өнім түрлерінің бағасын реттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ азық-түлік инфляциясының өсуіне ет және ет өнімдері бағасының үлесін ескере отырып, Сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен әкімдіктер аталған өнімдердің бағасын тежеуге ерекше назар аударуы қажет. Сонымен қатар Астана қаласындағыдай, арзандатылған сиыр етін ірі сауда желілері арқылы сату тәжірибесін бүкіл ел аумағында кеңінен қолданған жөн, - деді Олжас Бектенов.