$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жыл басынан бері Бірыңғай зейнетақы қорының табысы 1,65 трлн теңгеге жетті

17.12.2025ж. 13:14
Жыл басынан бері Бірыңғай зейнетақы қорының табысы 1,65 трлн теңгеге жетті
Фото: enpf.kz

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкімет отырысында 11 айдың қорытындысы бойынша зейнетақы және Ұлттық қор активтерінің негізгі көрсеткіштерін мәлімдеді, деп хабарлайды Astana TV.

11 айда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) инвестициялық табысы 1,65 трлн теңгені құрады. Ал жыл басынан бері БЖЗҚ активтері 11,7%-ға өсіп, 25 трлн теңгеге жетті.

Зейнетақы жарналарының көлемі 2,5 трлн теңге болса, мерзімінен бұрын алынған қаражат 1 трлн теңгені құрады. Сондай-ақ жыл басынан бері Ұлттық қорға 3,6 трлн теңге түсті.

Республикалық бюджетке бөлінген трансферттер көлемі 4,9 трлн теңге болып, 11 айдағы инвестициялық кірісі 8,2 млрд АҚШ долларын құрады.