$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Тәуелсіздік күні Қазақстанда 725 сәби дүниеге келді

17.12.2025ж. 16:45
Тәуелсіздік күні Қазақстанда 725 сәби дүниеге келді
Фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні еліміздің медициналық ұйымдарында 725 нәресте, оның ішінде 7 егіз өмірге келді, деп хабарлайды Astana TV.

Жаңа туған сәбилердің арасында 362 ұл және 363 қыз бар. Мереке күні перзентханалардың медицина қызметкерлері аналар мен нәрестелерге сапалы әрі уақтылы көмек көрсетіп, жоғары кәсібилігін дәлелдеді.

Ата-аналарды қуанышты сәтпен құттықтап, сәбилерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және тәуелсіз Қазақстанда жарқын болашақ тілейміз.