$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылжарда шыршалар заңсыз сатылған

Қызылжарда шыршалар заңсыз сатылған

Қызылжарда жаңа жылдық шыршалар заңсыз сатылып жатыр. Жергілікті полиция мамандары арнайы рейд ұйымдастырып, сауда орындарын жаппай тексерістен өткізген. Нәтижесінде сатушылардың басым бөлігінде тиісті құжаттар болмай шықты. Бүгінде қылқан жапырақты ағаштардың барлығы ресейден жеткізіліп жатыр. Себебі, елімізде оны кесуге тыйым салынған. Жалпы, тәртіп сақшылары қазір тек сауда орындарын ғана емес, орман-жолдарды да бақылап жүр. Аталған рейд шаралары желтоқсанның 31-не дейін жалғаспақ.

МАРАТ ЖҰМӘЛИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Әкімшілік кодекстің 204 бабына сәйкес алдымен ескерту беріледі. Кейін айыппұл салынады. Оның көлемі 40 мың теңгені құрайды. Ал шыршаны кескен адамдарға жаза қатаң. Бір шыршаны кессеңіз, 80 мың теңге төлейсіз. Ал шығын көлемі 400 мың теңгеден асса, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.