Алматыда педагогтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау мәселесіне арналған көшпелі жиын өтті. Оған Алматы қалалық мәслихат депутаттары мен «AMANAT» партиясы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты. Басқосуда мұғалімдер жалақысының кешіктірілуі мен әлеуметтік аударымдардың төленбеуі назарға алынды. Жиналғандар проблемалық сұрақтарды сол жерде талқылап, тараптардың уәждерін тыңдады. Сала мамандары еңбек құқықтарын қорғаудың қолданыстағы заңды тетіктерін түсіндіріп, нақты қадамдарды ұсынды. Талқылауға білім басқармасы, еңбек инспекциясы, мемлекеттік кірістер және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері де шақырылды. Мәселелер партиялық бақылауға алынып, уәкілетті органдарға ұсынымдар жолданады.
ҚУАНЫШ ТӨЛЕПОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жалақылары берілмеген. Осы өтінішпен келді және зейнетақы қорына да ақша түспегені және медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына да ақша түспегені бойынша өтінішпен жүгінді бізге. Сол өтініш бойынша бүгін басшылық тарап тыңдалды. Бұл мәселе енді толық партияның бақылауында болады.