Елімізге кәсіби даярлығы жоғары, білікті жұмысшылар өте қажет. Жыл сайын оқу орындары мыңдаған маманды даярласа да, әлі күнге көптеген сала білікті жұмысшыға мұқтаж. Батыс Қазақстан облысында 15 мыңға жуық адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Қазір өңірге арнайы техниканы жүргізуші, дәрігерлер мен медбикелер, мұғалімдер және тәрбиешілер керек. Қызмет көрсету саласының мамандары мен қара жұмысшыларға да сұраныс жоғары. Ал коммуналдық кәсіпорындар жөндеуші мен дәнекерлеуші таппай отыр. Тығырықтан шығудың жолын іздеген жұмысберушілер оқу орындары сұраныс көп мамандықтарға басымдық берсе дейді.
НҰРЛАН РАҚЫМЖАНОВ, КОММУНАЛДЫҚ САЛАДАҒЫ СЕРВИСТІК МЕКЕМЕ ДИРЕКТОРЫ:
Заман талабына сай әртүрлі технологиясы өзгертілген насостар келеді. Сол кезде мамандарға мұқтаж болып жатамыз. Биылғы Жолдауында да айтып кетті президентіміз. Соны негізге ала отырып колледждер жалпы бейімделуі керек деп ойлаймын. Квоталарын көбейте ме, гранттарын көбейте ме, сол сұраныстарды реттеп отырса бізге де жеңід болар еді.