$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Арал, Каспий, су тапшылығы мәселелері Парламент спикерлері деңгейінде талқыланды

Арал, Каспий, су тапшылығы мәселелері Парламент спикерлері деңгейінде талқыланды

Арал, Каспий, су тапшылығы мәселелері Парламент спикерлері деңгейінде талқыланды. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастаған делегация Ташкент қаласында өткен Орталық Азия мемлекеттері мен Корея Республикасы парламенттері спикерлерінің үшінші кездесуіне қатысты. Форум аймақтық парламентаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Пленарлық отырыста Ерлан Қошанов адами қадір-қасиет, әлеуметтік әділдік пен экология Қазақстандағы реформалардың өзегі екенін атап өтті. Бұл қағидаттар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатының негізін құрайды. Мәжіліс спикері өңір үшін ең басты ресурс - білімді жас ұрпақ екенін айтып, Қазақстан мен Корея арасындағы білім, ғылым және жасанды интеллект саласындағы серіктестіктің кеңейіп келе жатқанын жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанның цифрлық мемлекетке айналу мақсаты мен жасанды интеллектті дамытуға бағытталған заңнамалық қадамдарға тоқталды. Тараптар экология саласындағы бірлескен жобаларды күшейтуге уағдаласты. Форум қорытындысында Бірлескен декларация қабылданды. Келесі кездесу 2026 жылы Қазақстанда өтеді.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін біз адами қадір-қасиет әлеуметтік әділдік пен қоршаған ортаны қорғау жолында ынтымақтастық мәселесін талқылап жатырмыз. Бұл Қазақстан үшін өте жақын және де өте маңызды тақырып. Адами қадір-қасиет, әлеуметтік әділдік пен қоршаған ортаны қорғау елімізде іске асырылып жатқан реформалармен толық үндесіп, біте қайнасып жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әр бастамасының негізінде осы мызғымас принциптер тұр. Әділеттілік идеясы ұлттық идеологиямызға айналды. Өз кезегінде бұл қағидалар аймағымыздағы, тіпті әлемдегі тұрақты даму мен қауіпсіздіктің кепілі. Сондықтан бұл кездесу орталық Азия, Корея Республикасы форумының күн тәртібін жаңа маңызды бағыттармен кеңейте түсті.