$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыратын жоба басталды

AstanaTV
17.12.2025ж. 19:00
Түркістан облысында әйелдердің көшбасшылық әлеуетін арттыратын жоба басталды

Түркістандағы «Ұлы дала елі» орталығында «AMANAT» партиясы жанындағы Әйелдер қанатының «Бөрте» әйелдер саяси көшбасшылық мектебі ашылды. Жобаның мақсаты - әйелдердің қоғамдық-саяси әлеуетін арттыру, көшбасшылық дағдыларын дамыту және мемлекеттік басқару ісіне араласуына қолдау көрсету. Жиында Түркістан облысындағы кәсіпкерлік пен мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі жоғары екені, сондай-ақ гендерлік саясаттың тарихи маңызы сөз болды. Мектептің алғашқы дәрістерінде 200-ге жуық қатысушы эмоционалды интеллект, медиа имидж және көпшілік алдында сөйлеу өнері бойынша білім алды. Саяси мектеп қатысушыларға стратегиялық ойлау мен шешім қабылдау мәдениетін үйрететін тиімді диалог алаңына айналмақ. Бұл бастама алдағы уақытта өңірдегі білікті әйел көшбасшылардың жаңа буынын даярлауды көздейді.