$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтары қойылды

17.12.2025ж. 19:00
Алматыда «Тәуелсіздік» монументіне гүл шоқтары қойылды

Егемендігіміз жарияланып, ел еңсесі тіктелген Алматыда “Тәуелсіздік” монументіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Айтулы іс-шарада қала әкімі, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес пен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері және1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушылары келіп, тағзым жасады.

Маңызды рәсім мемлекет азаттығы жолында жан беріскен қайратты тұлғалар үшін 1 минуттық үнсіздік жариялап, еске алумен басталды. Республика алаңына 500-ден аса адам жиналып, тұрғындар да ел есінде қалған ата-бабалары үшін тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

ӘКЕЖАН КЕҢЕСОВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

Тәуелсіздіктің біз үшін қалай келгендігі, сондықтан да оның қадірін әрқашан білуіміз қажет. Әсіресе осы тәуелсіз мемлекетте егемен елде туылған біздер секілді жас ұрпақ үшін бұл тәуелсіздік күні жай ғана бір мемлекеттік мереке ғана емес, бұл жалпы біз үшін берілген үлкен жауапкершілік. Тәуелсіздіктің тарихы жайында жастармен дәріптеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. патриоттықты дәріптейтін тумен үлкен флешмобтар, үлкен акциялар өткізіліп жатыр.

Қазіргі таңда оңтүстік астанада 800-ге жуық желтоқсаншы бар. Олардың әрқайсысы бүгінгі жастардың тәуелсіздік тұғыры қалай шегеленгенін естен шығармағанын қалайды.

СЕМЕН ШЕРИЯЗДАНОВ, СОҒЫС АРДАГЕРІ:

Бұл енді біздің халқымызға керемет жетістік қой. Құдайға шүкір, жастарымыз өсіп, өзіміздің бостандығымызды алып, өзіміздің туымыз, өзіміздің гербымыз барлығы да осы тәуелсіздігіміздің арқасында болғаны рас. Тәуелсіздігіміздің арқасында халқымыздың жағдайы, тұрмысы жақсарды.

Жиналған қауым салтанатты рәсімнен соң Алматы өңірлік гарнизонының әскери-рухты оркестрінің өнерін тамашалады.