Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова еліміздің жоғары оқу орындарына түсуге арналған негізгі сынақ — Ұлттық бірыңғай тестілеудің трансформациясы қалай жүзеге асатынын айтып берді, деп хабарлайды Astana TV.
— Биыл ҰБТ қазіргі форматта, ешқандай өзгеріссіз өткізіледі. Біз ҰБТ форматын жетілдіру мақсатында америкалық ETS компаниясымен бірлескен жұмысты бастадық. Трансформация кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: 2027 жылдан бастап пилоттық режимде енгізіліп, одан кейін 2029 жылға дейін ауқымды түрде кеңейту жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта формат бұрынғы күйінде қалады, — деді Гүлзат Көбенова Мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін Қазақстанның жаһандық білім нарығын қалай бағындыратыны жөнінде шолу жариялаған едік.