$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асты

Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асты

Өңдеу секторындағы өндіріс көлемі 5,9%-ға өсіп, 27 трлн теңгеден асты. Өсім металлургия, машина жасау, химия және құрылыс материалдарын өндіру сынды негізгі секторларда оң динамика көрсетіп отыр. Бұл – Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау жөніндегі жоспарлы жұмыстың нәтижесі. Ал геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы 22 мемлекеттік қызмет цифрландырылды. Платформа аясында интерактивті карта, электронды аукциондар, жазылым бонустарын онлайн төлеуге арналған электронды әмиян енгізілді. 2024 жылы платформа арқылы 729 лицензия беріліп, 4 аукцион өткізілген. Ал жазылым бонустарының көлемі шамамен 45 млрд теңгені құрайды.

ЖӘННАТ ДҮБІРОВА, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Келесі жылы біз жасанды интеллектті пайдалана отырып, геологиялық есептерді цифрлық өңдеу жобасын іске асыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта бұл жобаны қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жасанды интеллект, сканерленген есептерді, карталарды және кестелерді таниды, оларды бірыңғай сандық геологиялық дерекқорға – Big Data негізіне айналдырады.

Сондай-ақ, өңдеу секторындағы өндіріс көлемі шамамен 6 процентке өсіп, 27 трлн теңгеден асқан. Ал геологиялық барлауға 72 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып, ірі серіктестермен 21 бірлескен кәсіпорын құрылды. Алдағы жылдары 100 мың шаршы шақырым аумақты зерттеу, ал кейін жыл сайын шамамен 30 мың шаршы шақырымды қамту жоспарланып отыр.

ИРАН ШАРХАН, ҚР ӨНЕРКӘСІП ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫС ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Пайдалы қазбалар қоры шамамен 98 тонна алтынды және 36 мың тонна мысты, 11 млн тонна марганцты, 1,3 мон тоннадан астам фосфоритті құрады. Президенттің тапсырмасына сәйкес, ел аумағының геологиялық-геофизикалық зерттелуін 2026 жылға қарай 2,2 млн шаршы  км-ге дейін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде.