Бораннан зардап шеккен Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы ауданында төтенше жағдай жарияланды. Шатырын жел ұшырып кеткен әлеуметтік нысандарға келген шығын 42 миллион теңгеге бағаланыпты. Қазір ауданда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баспанасын дауыл зақымдаған бес тұрғыннан өтініш қабылданып, 4 әлеуметтік нысанды жөндеу жұмыстары басталыпты. Жел қиратқан резервтік су мұнарасын жаңарту үшін жауапты басқармаға өтінім берілген. Ал Казталов ауданында бірнеше үйір жылқы сорға батып қырылыпты. Қазір бұл малдың кімге тиесілі екені анықталып жатыр.