Астанадағы ойын-сауық орталықтарының бірінде «көңілді газ» сатылған. Қалалық прокуратура жүргізген тексеріс барысында азот тотығын заңсыз таратқан мекемені анықтады. Көңіл көтеретін орын уақытша жабылды, ал иесі 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. "Көңілді газ" деген не, оның қауіптілігі неде? Тілшіміз айтады.
ҮСЕН АСТАНА, ТІЛШІ:
Бұл -автокөлік бөлшектерін тазартуға арналған химиялық зат. Өкінішке қарай, бүгінде ол жасөспірімдер арасында өте танымал болып тур. және оны кез келген интернет-дүкеннен небәрі 1000 теңгеге сатып алуға болады. Алайда, оның құны арзан болғанымен, зардабы тым жоғары. Осы бір құты денсаулыққа үлкен зиян келтіреді. Санаңыздан айырылып, немесе наркологиялық диспансердің тұрақты пациентіне айналуыңыз әбден мүмкін.
Ойын-сауық орындарында мұндай қауіпті заттар жиі саудаланады. Астанада рейд барысында прокурорлар 3 баллон азот оксидін тәркілеп, жойды.
АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫ:
Мекеменің меншік иесі Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 426-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Азот оксидін заңсыз таратушыға мекеме қызметін бір айға тоқтата отырып, 200 АЕК айыппұл салынды.
Күйзелістен қашып, ата-анасының ақшасын шашып жасына жетпей масайғысы келетін жасөспірімдер "көңілді газға" құмар. Құрамындағы ацетон мен улы газдар металды еріткенімен, адамның миын улап, жүрегін тоқтатуға қауқарлы. Техникалық спирттер көру қабілетінен айырса, улы булар өкпені күйдіріп жібереді. Жарты жылда энцефолопотия деген ауру басталуы мүмкін.
ТОҚТАР ҚОЙШЫБЕКОВ, НАРКОЛОГ-ДӘРІГЕР:
Энцефолопотия деген бұл ең алдымен есте сақтау қабілеті төмендейді, одан кейін білім сапасы нашарлайды. Ақыл кемділік туындағандықтан адам әсіресе бала энцефолопотия туындаған соң әрі қарай оқи алмайды. Жиі жиі осыны қолданып жүрген балалар, олар көбі есеймейді, олар 14-15 жастағылар 18-20 жасқа жетпейді олар бала күнінде жүріп кетеді.
Көңілді газдың қауіптілігі тек оның химиялық құрамында емес, ең алдымен адамның оны психологиялық тұрғыдан сезбеуінде жатыр. Бұл газдың түсі, иісі, дәмі жоқ болғандықтан, адам оны байқамай жұтады. Соның салдарынан қауіп дер кезінде танылмай, ауыр жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан әрбір ата-ана баласының әрекетін бақылауда ұстағаны жөн
ӘДІЛБАЙ ҒАЗИЗА, ПСИХОЛОГ:
Егер оның ұйқысы бұзылып, жаңағыдай көзі қызарып жүрген болса зерттеу керек.Ол бала не үшін олай жасап жүр мұғалімдермен сөйлесу керек сүйтіп барып анықтап психолог мамандарына жүгініп жан жақты жұмыс жасау керек. Сүйтіп қана басын алуға болады.
Оқу-ағарту министрлігі ата-аналарға ескерту жасады. Жасөспірімдер арасында жаңа қауіпті тенденцияның таралуы алаңдаушылық туғызады. Сондықтан мектеп, ата-ана тарапынан бақылауды күшейту керек.