Алматы облыстық мәслихатында «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өтті. Жиында өңірдегі сайлауалды бағдарламаның орындалу барысы талқыланды. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев экономикада өсім барын айтып, инвестиция көлемінің 26 пайызға артқанын жеткізді. "Ауыл аманаты" және "Жер аманаты" жобалары аясында берілген несиелер мен қайтарылған жерлер туралы ақпарат берілді. 12 ірі инвестициялық жоба іске қосылып, мыңдаған адам жұмыспен қамтылған. Отырыс барысында Әйелдер қанатының әлеуметтік бағыттағы жұмыстары да таныстырылды.
ҚУАТ БАЙҒОЖАЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Біздің сайлауалды бағдарламамыздағы әрбір пунктің бүгінгі таңда бізде 76%-ы нақты орындалды. 24%-ы болашақта орындалады. Денсаулық, ауыз су, халықты газбен қамтамасыз ету, жарықпен қамтамасыз ету, жол мәселелері ерекше көңіл бөлінген.