$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде «Жастар және жалпыұлттық құндылықтар» атты TEDx форматындағы ашық кездесу өтті

AstanaTV
18.12.2025ж. 19:00
Ақтөбеде «Жастар және жалпыұлттық құндылықтар» атты TEDx форматындағы ашық кездесу өтті

Ақтөбеде «Жастар және жалпыұлттық құндылықтар» атты TEDx форматындағы ашық кездесу өтті. Облыс жастарын бір алаңға тоғыстырған бұл басқосу мазмұнды ой, тағылымды тәжірибе мен ашық диалогқа негізделген. Шараның өтуіне жастар саясаты басқармасы мен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті мұрындық болып отыр.

Залда ерекше атмосфера. Жастар спикерлердің әр сөзіне зейін қойып, өмірлік құндылықтар, дұрыс таңдау жасау мен жауапкершілік туралы мазмұнды әңгімеге қанықты. Өңірде  жастарға   қолдау ерекше. Мемлекеттік бағдарламалардан бөлек, облыс тарапынан гранттар бар.

САМҒАТ АРТЫҒАЛИН, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Өңірімізде жастарға арналған гранттар, 1 реттік қайтарымсыз гранттар әр жастың басына. 20жасқа 1 млн 300 теңгеден гранттар бөлінеді. Одан бөлек Ақтөбе жастарға тұрғын үй бағдарламасы бар, бұл өңірдегі жастарға арналған үлкен тұрғын үй бағдарламасы. Биылғы жылы 62 жасты тұрғын үймен қамтамасыз етеді деп отырмыз.

Еліміздің түрлі салаларында табысқа жетіп, қоғам дамуына елеулі үлес қосып жүрген тұлғалар шақырылған. Олардың қатарында Отандық «QazVac» вакцинасының авторы Күнсұлу Закарья, атақты нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев пен медицина ғылымдарының кандидаты Вадим Медовщиков бар. Қонақтар жастарға мотивация беріп, білім мен еңбектің маңыздылығын айтты. 

МЫҢЖЫЛҚЫ БЕРДІҚОЖАЕВ, PhD, ЖОҒАРЫ САНАТТЫ НЕЙРОХИРУРГ-ДӘРІГЕРІ:

Әрине бұл тек қана сөзбен айтылып қоймай, мемлекет тарапынан іспен бекітілетін болса бізің жастардың болашағы айқын болады. Ол жұмыс істеген кезде, университетте оқыған кезде , жалпы ертең кім боламын, жанұям қалай болады?-деген сұрақтарға жауап тауып алатын болса менің ойымша ол өте жақсы.

Облыс әкімі Асхат Шахаров та жиында үн қосты. Оның сөзінше, жастардың өмірлік ұстанымы айқын болуы керек. Білімге ұмтылу, адал еңбек етіп, заңды құрметтеу-бұл жемістің кепілі. Ал тағылымды шара әлі де жалғасын таппақ.