$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралдағы Мәншүк музейінде майдангерлердің жүздеген хаты сақтаулы

18.12.2025ж. 19:00
Оралдағы Мәншүк музейінде майдангерлердің жүздеген хаты сақтаулы

Оралдағы Мәншүк музейінде жауынгерлердің майдан шебінен жазған жүздеген хаты сақтаулы. Музей қоры олардың ұрпақтары тапсырған қолжазбалармен толығып жатыр. Мамандардың айтуынша, соғыс жылдары жазылған бұл хаттар - өмір шындығын бүкпесіз көрсететін тарихи құжат. Сарғайған қағаздан жауынгердің елге деген сағынышын, майдан өміріндегі өзгерістерді оқып танысуға болады. Өкінішке қарай, дала поштасынан жолданған хаттардың көбі бүгінге дейін түгел жетпеген. Дегенмен, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың алты хаты сақтаулы. Сонымен қатар, оралдық майдангер Есбол Абдушевтің алдыңғы шептен жазған хаттары да бар. Сарғайып тозығы жеткен бұл жазбалар музейдің құнды жәдігеріне айналған.

РАУШАНГҮЛ ҒАЙНОЛЛАҚЫЗЫ, М. МӘМЕТОВА МЕМОРИАЛДЫҚ МУЗЕЙІНІҢ ҚОР САҚТАУШЫСЫ:

Жалпы негізінен хаттар саны өте көп. Бірақ та ең ұзақ, ең көп хаттардың барлығы анық, жақсы көрінгені Есбол Мамайұлы Абдушевтің хаты. Ол кісің 44 хат жазған. Хаттарының барлығы өз қолымен жазылған. Түпұсқа, кей хаттар орыс тілінде, кей хаттар қазақ тілінде жазылған.