$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Таза бейсенбі»: экологиялық акция өтті

«Таза бейсенбі»: экологиялық акция өтті

«AMANAT» партиясының бастамасымен елімізде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасуда. Бұл жолы тазалық жұмыстары Шымкентте, сондай-ақ Қарағанды мен Батыс Қазақстан облыстарында ұйымдастырылды. Аймақты көркейтуге бағытталған шараға партияның қалалық және аудандық филиал қызметкерлері, «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері, коммуналдық сала мамандары және қала тұрғындары қатысты.

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының бастамасымен өткен шараға  80-ге жуық адам жұмылдырылды. Бұл жолғы тазалық жұмыстары Еңбекші ауданында ұйымдастырылды. Қатысушылар көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын тұрмыстық қалдықтан тазалап, қураған ағаштарды кесіп, шіріген шөптерді жинады. «Таза бейсенбі» акциясы биыл 51-рет ұйымдастырылып отыр. Осы уақыт ішінде 4 мыңнан астам тұрғын қатысып, қала аумағынан 48 тоннадан аса қоқыс шығарылған. 

ЕРБОЛ  БАЙҚОНЫСОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

Бүгінгі күнге дейін біз күзгі жапырақтарды тазалап жатқан болсақ, енді қысқы форматта қыста біз форматымызды өзгертеміз, яғни қарды тазалаумен, болмаса кейбір тайғақ жерлер болса құм шашумен айналысатын боламыз. Яғни бұның барлығы біздің қаламызды тазалыққа шақыруға, экологиялық тазалықта ұстауға басты себеп болады деп есептеймін.

Қарағанды облысының Саран қаласында «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділері қариялардың аулалары мен өздері оқитын оқу орындарының аумағын қардан тазартты. Апта сайын шамамен 150-ге жуық жас қоғамдық жұмысқа тұрақты түрде қатысады. Олардың айтуынша, мұндай шаралар жастарды тазалыққа ғана емес, үлкенге құрмет көрсетуге де тәрбиелейді.

ДІЛНӘЗ ӘШІРӘЛИ, САРАН ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІ:

Тазалық өзімізден басталады. Бүгін біз студенттермен өзіміздің колледждің ауласын жинап жатырмыз. Әр бейсенбі күні әр аптада осылай жинап тұрамыз.

Акцияға Батыс Қазақстан облысының тұрғындары да белсене атсалысты. Бұл жолы Тасқала ауданының халқы ауыл айналасын қардан тазалады. Ауыл тұрғындары алдымен орталық саябақ аумағын тазалады. Кейін «Азалы ана» ескерткішінің маңын қардан аршып, айналасын ретке келтірді.

АЗАМАТ ҚУАНЫШӘЛИЕВ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ БҚОФ ҰЙЫМДАСТЫРУ-БАҚЫЛАУ БӨЛІМІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:

"Таза Қазақстан" акциясы біркүндік науқан емес. Бұл енді әр үйден, әр ауладан көшелерді таза ұстаудан басталады. Оған енді тек қана аула әлде қала тұрғындары емес, барлық азаматтың борышы деп ойлаймын. Бұл тарапынан партиямыз да өзінің үлесін қосуда. Аумақтық филиалдарда бұл жұмыстар жүргізілуде.

Жыл басынан бері ұйымдастырылып келе жатқан акцияға партияның облыстық филиалының 2 мыңнан астам мүшесі қатысқан.