2026 жылдың басында Қазақстанда жоспарлау мен жобалаудан бастап пайдалануға беруге дейінгі құрылыс объектілерін сүйемелдейтін бірыңғай портал іске қосылады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова Үкіметтің саланы цифрлық трансформациялауға арналған баспасөз мәслихатында хабарлады.
Жаңа платформа қолданыстағы жүйелерді біріктіреді және eGov бірыңғай авторизациясы арқылы әзірлеушілер үшін «бір терезе» қағидатын қамтамасыз етеді.
«Басты мақсат – рәсімдердің қайталануын болдырмау және мерзімдерді қысқарту. Алдағы уақытта жобаларды сараптауды автоматтандыру үшін жасанды интеллект элементтерін пайдалану жоспарлануда», — деп атап өтті вице-министр.